Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  56


Автор: Есләм Зікібаев

МЕН – ЕРДЕНМІН

Мен Ерденмін, Ерденмін,
«Өрнек» деген жерденмін.
Атам менен əжемді
Қуантқалы келгенмін.
Мен Ерденмін, Ерденмін,
«Өрнек» деген жерденмін.
Жан əкемнің соңынан
Жалғасы боп ергенмін.
Таудай биік таласым,
Сурет те, əн де саламын,
Ерұланға ағамын,
Өнегелі боламын.
Көрем десе бағасын,
Күнделігім қарасын.
Мақтан көріп өссін ол
Өскенде ертең ағасын.
Мен Ерденмін, Ерденмін,
«Өрнек» деген жерденмін.
Қуанып қарсы аламын
Келдім десе елден кім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу