Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  118


Автор: Есләм Зікібаев

БЕКЕТ АТА

Құбылада мазарың
Жанарымда мұң бардай,
Көкірегімнен назалы үн
Күмбір қағып тұрғандай.
Қайырмасы:
Мəдинада – Мұхаммед,
Түркістанда – Қожахмет.
Маңғыстауда – пір Бекет,
Ниетімді қабыл ет,
Бекет ата, Бекет ата, құдірет.
Ойлар елдің ертеңін,
Ойлар ердің ертеңін.
Əулие етіп тұтар ма,
Осал жанға ертеңгі.


Қайырмасы:
Көрдім бүгін түсімде
Қасиетті əз бабам,
Қорымдардың ішінде
Шамшырақ боп маздаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу