Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  97


Автор: Есләм Зікібаев

ƏН БИЛЕЙДІ ДҮНИЕНІ

Алаулаған таңның нұры,
Тербетсе адам қиялын.
Тамылжытып əн бұлбұлы
Төгеді əсем күй-əнін.
Жан жүректің пернелерін дəл басып,
Шалқиды əуен арманыңмен жалғасып.
Тына қалып көктем желі,
Дүниені əн билейді.
Аңсап күткен көптен бері,
Аяулыңдай əлдилейді.
Аялайды байтақ дала-бар мекен,
Əншіде де арман шіркін, бар ма екен?
Сəуле шашар ай нұрындай,
Көңілі дəйім көктем бір!
Айна көлдің айдынындайƏнші жаны мөп-мөлдір!
Сырға бөлеп,
Нұрға бөлеп даланы,
Жүрегіңді сəтте баурап алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу