Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  88


Автор: Есләм Зікібаев

АМАН ЖҮРСЕҢ-АҚ БОЛҒАНЫ

Кезіктім саған,
Дүние шіркін тар қандай,
Біле алмай қойдым –
Не болар екен əрі қарай.
Таң нұры сынды шұғыла шашқан жаныңмен,
Сезімтал, нəзік ақын екенсің, қарғам-ай.
Жаралған бірге алаумен, отпен, жалынмен,
Ақын екенсің жүрегіңменен, жаныңмен.
Өлең деп, жыр деп өртеніп тұрған кейпіңмен,
Қысылдың, қалқам,
Түсіндім содан бəрін мен.
Сұлулық – сиқыр,
Қарайды адам бір қанбай,
Жаныңда жарқыл жай оттар жатыр жырланбай.
Мен адамды ұқсам, мойылдай қара көздерің,
Ақындығыңды жария қылып тұрғандай.
Секілді бейне тағдырдың тоқсан толғамы,
Тоғыса берер тірліктің тарам жолдары.
Ақ жаныңменен ақын арманын аялап,
Аяулы еркем, аман жүрсең-ақ болғаны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу