Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  50


Автор: Есләм Зікібаев

Барым сол –

Барым сол –
Білмесең, білсең де,
Барым сол – күлмесең, күлсең де.
Қай жерде –
қай белде жүрсем де,
Бал күнім – бар күнім сенде,
Тағдырым-таң нұрым бір сенде.
Аққудай жай қағып қанатын,
Өзендей асықпай ағатын
Уақыт та тоқтатпай сағатын
Алмасып күнге күн – алға асып
Таусылды, қалақтай, тағатым.
Жанымды тебірентіп тербедің,
Шақырдым,
Бірақ та келмедің,
Қонсам деп қона алмай қиналған
Ақ құсым –
Бақ құсым сен бе едің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу