Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  100


Автор: Есләм Зікібаев

ТЕЛЕФОНДА

Дауысыңды сағындым, сəулешім,
Сөйлеші, болшы тез назданбай.
Тасташы еркелік əуресін,
Уақыт тым азғантай.
Еркелеп тұратын күн ұзақ,
Емес қой бақшаның арасы,
Қазір-ақ өтеді зымырап,
Сағатқа қарашы:
Өтіпті үш минут босқа құр,
Ə, сол ма, солай ма, естідім.
Күлсе де еркі ғой достарым
Көбіне сағынам кешқұрым.
Сағынам сонау бір түндерді,
Сағынам аялы бақ ішін.
Сағынам хош иіс гүлдерді,
Таңдағы сандуғаш дауысын.
Дауысынды сағындым, сəулешім,
Сөйлеші, болшы тез назданбай.
Тасташы, еркелік əуресін,
Уақыт тым азғантай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу