Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  75


Автор: Есләм Зікібаев

Өзіңді сағындырған көптен бергі...

Өзіңді сағындырған көптен бергі,
Тағы да жанға жайлы көктем келді.
Тербеліп ауламдағы алма ағашы,
Есіме салады əркез өткендерді.
Білмеймін, тереземнің пердесіне
Ғашық па, аймалайды жел несіне.
Ақ бұлттай аспанымда жел үрлеген.
Ақ жібек орамалың келді есіме.
Жүрсең де қазір менен шалғайда сен,
Дауысың құлағымнан қалмайды əсем.
Тыңдауға жалықпаймын, жалықпаймын,
Бұлбұлым болып өзің сайрай білсең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу