Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  62


Автор: Есләм Зікібаев

Тұра тұр!

Тұра тұр!
Жүрем дедің қай қалаға,
Басымнан ұршық-дəурен айнала ма?
Сол жолға өзіңменен бірге əкетпей,
Қалдырып кетпексің айдалаға.
Білесің сенсіз маған күн өтпесін,
Сөкпе тек, айтады деп кіл өкпесін.
Тағдырдың Қарабайдай қасарысқан
Білесің жүрегіме гүл екпесін.
Аққудай айдын көлде жараланған,
Айырылған сыңарынан, дара қалған.
Мұңайдым – уақыт заулап ағады алдан,
Сенімен ұшып бірге кетсем бе деп,
Қауырсын қанаттарын қағады арман.
Назымды кімге айтамын, кімге налып,
Тұра тұр, бір қайтайық, бірге барып.
Өткеннің оралмасын шығарма естен,
Онсыз да кетіп жатыр күндер ағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу