Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  90


Автор: Есләм Зікібаев

Қимасаң оттай ыстық құшағыңды...

Қимасаң оттай ыстық құшағыңды,
Қайтемін айыр, қасық, пышағыңды...
Қайырсыз махаббаттың белгісіндей
Көңілімді көрген сайын құса қылды.
Шарпылды отқа тиіп – қанатым,
Терімнің сылып түсті бір қабатын.
Күй кешіп əрі-сəрі өртенумен
Болармын бір күндерде жынданатын.
Өзіңмен өтсе деуші ем бірге өмірім,
Дəл қазір қажет болсын кімге мұным.
Қар жауып шілде айында, үсік шалды
Арманды аялаған гүл-көңілім.
Алмасып бір күн шаттық, бір күн қайғы –
Сағаттай тық-тық соққан бір тынбайды.
Сағынып саған жазған жырларымды
Сарғайып енді өзіңдей кім тыңдайды?
Сау адам сырқат жайын шын ұғар ма,
Қалды ізім жалаң аяқ шыны қарда.
Жүрегіңнің қанымен жазған жырдың
Оқушысы болмаса, құны бар ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу