Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  77


Автор: Есләм Зікібаев

ЕРКЕ ЕЛІГІМ

Япырай, сенейін бе, сенбейін бе –
Мен алғарақ кетіппін,
Сен кейінде ...
Кім біледі, назаң ба,
Жазаң ба əлде –
Келейін бе айналып, келмейін бе?
Кешіп келем көк майса шалғынды мен,
Балбыраған балқұрақ – балғын кілем.
Ілестірмей кетуші ең ерке еліктей,
Еркелігің ұстап сол қалдың білем.
Қалдың білем ұстап сол еркелігің,
Сенсіз менің жанымды шертеді мұң.
Жақсылыққа жориын қылығыңды,
Адастырып кетпе тек, ерке елігім.
Жақсылыққа жориын ылайымда,
Ақым жоқ,
Хақым да жоқ мұңаюға.
Сенсіз қалсам көңілім күңгірт тартып,
Бірге батып кетердей Күн, Айым да!
Болмасам да Мəжнүні ертегінің,
Мен де таудың тағы өскен тентегімін.
Құздан құлап қапыда мерт болармын –
Көз жаздырып кетпе сен, ерке елігім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу