Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  45


Автор: Есләм Зікібаев

АҚ НҰРҒА БӨЛЕП

Айтарға тіл жоқ –
Кермарал керім, ақ маңдай
Өзіңмен келер қуаныш қандай,
Бақ қандай!
Арайлы жүзің көрінген сəтте күлімдеп,
Боламын нұрлы таң күліп келе жатқандай.
Шу асау едім басылмай келген аптығым,
Өзіңді көріп жуасып қалдым нақ бүгін.
Қандай бір жанның қонарсың құс боп қолына,
Шырқатып бағын,
Молайтып кімнің шаттыған?
Сен тұрсаң,
Дəйім шығардай күліп бақ күнім,
Тебірентіп жанды,
Толқытып бара жатты үнің.
Кеудесін кімнің ақ нұрға мəңгі шомдырып,
Жайқалып тұрар екенсің қайда, ақ гүлім!
Гүл болып қана,
Күн болып қана көрінген,
Жыр болып жаңа,
Нұр болып жəне төгілген,
Басқа бақ-дəулет тілемес едім өмірден,
Көмескі тартып қалмасаң болды көңілден,
Аумасаң болды мəңгілік менің көгімнен!
Көңіл де қапа көрінбей қалса күн егер,
Қуаныш қана жаныма майса гүл егер.
Өзің бар кезде аспаным да ашық, аяулым,
Бақ гүлім болып,
Шаттығым болып жүре бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу