Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  72


Автор: Есләм Зікібаев

ЖАР-ЖАР

Бүгінгі күн қуаныш –
Тасқындаған жар-жар.
Болашаққа екі жас
Басты қадам жар-жар.
Игілікпен басталған
Осынау той жар-жар,
Жақсылықпен астасып
Жатсын əман жар-жар!
Ақ отауға байлық та,
Бақ та қонсын жар-жар.
Ата-анаңның ақ сүтін
Ақтар болсын жар-жар.
Осы тойдың қызығын
Қызуы мен жар-жар.
Естерінде мəңгілік
Сақтар болсын жар-жар!
Бір-біріне мейірімді
Болсын дəйім жар-жар
Шаңыраққа шат күлкі
Толсын дəйім жар-жар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу