Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  129


Автор: Есләм Зікібаев

КӨРШІ, ҚАЛҚА

Жаралғандай алтын нұрдан –
Көрші, қалқа, таң арайын.
Жаз күнінде жарқын бұл маң,
Тербеледі бала қайың.
Бала қайың тербеледі
Гүлдеріндей Көктөбенің.
Деп сол жерге сен келеді
Кеште талай өткен едім.
Жылдар кетті жылжып ағып
Уақыт қандай жүйрік еді?
Мəңгі сені жыр ғып əлі
Өтермін бе, кім біледі?
Тостым тұрып таңнан тағы,
Бір үміт, бір күдікпенен.
Махаббаттың жанған шамы
Сөнбесе деп жүріп келем




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу