Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  42


Автор: Есләм Зікібаев

ЖИЫРМА ЖЫЛ БҰРЫН

Жиырма жыл бұрын –
Сен жиырмада едің,
Мен жиырмада едім,
Жүрегімді қалтқысыз сыйлаған едім,
Ешкімге мына ғаламда қимаған едім.
Қос жанарың мөлдіреп құралайдай
Дедің-ау сонда:
– Кісім бар. Қинама мені!
Содан бері де өтіпті қаншама уақыт,
Келемін сенің лебіңе жан саялатып.
Көңілің көктем гүліндей шешек атады,
Ақ пейілменен тілейтін баршаға бақыт.
Жиырма жыл бұрын осыдан –
Жиырмада едің,
Жан жүрегімді қалтқысыз сыйлаған едім.
Сол сезім əлі жанымда келеді лаулап
Қойсаңшы енді, жанымды қинама менің.
Өмірде біреу біреуге құмартса мендей,
Ең ғашық жүрек сол дегене иланар едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу