Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  79


Автор: Есләм Зікібаев

ӨЗІНЕ САЛСАҢ

– Өлең, жаз! – дейді ...
Жазылмай жүрсе не етермін.
Ырқыма көнбей ағындап жатса бекер күн.
Өткенді қайтып оралту қолдан келмейді
Арманның асқар шыңына дəйім жетер кім?
Көрер таңды да көзімнен талай атырып,
Отырдым ұзақ шабыттың құсын шақырып.
Ой-теңіз бірде бетінде ғана қалқытып,
Келесі сəтте тұңғиығына батырып.
Өлең жаз! – дейді ...
Жазбайын дейтін мен бе екем,
Жазылған төрт жол –
Төрт құбыламдай тең бе екен?
Соның бағасын жұртымнан күтіп жүрмін ғой,
Өзіне салсаң,
Ақындарда осал кемде-кем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу