Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  56


Автор: Есләм Зікібаев

АЛМАТЫДАН ТАППАЙ КӨП

Жағажайда,
Ақ құмда мың сан адам,
Мың сан адам, бəр-бəрін кім санаған,
Теңіздегі айдынның аққуындай
Шыға келдің жарқ етіп бір сағадан.
Жəймен ағар өзендей селі біткен,
Алыс едім сейілшіл серіліктен.
Секемшіл ме, селт етті неге көңіл
Өмір бойы жандай-ақ сені күткен.
Жоқшыдай-ақ жоғалтқан асылын ең
Осы жаққа өлердей асығып ем.
Сен бе екенсің армандай сол асылым,
Өлеңге айттым, өзімнен жасырып ем.
Кезі бар ма адамның шөлдемеген,
Күнім болар өмірде өрлеген ең.
Көрдім сені теңіздің жағасынан,
Алматыда бір жүріп көрмеген ем.
Кезі келмей таң атып, күн батпаған,
Қимасым ба ең жанымда құндақтаған.
Өмір бойы таппай көп Алматыдан,
Осы жерде тапқаным қымбат маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу