Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  89


Автор: Есләм Зікібаев

Қарғам-ай...

Қарғам-ай,
Көз ілмеуім керек еді,
Қалдырдың дел-сал күйде неге мені.
Білмейтін телмірсекпіз сен де, мен де,
Қолымыздан не келеді?
Жан едім жүрген бейжай, ұйқылы-аяу,
Ғайыптан кезіктірген бір құдай-ау!
Қаңырап жан-дүнием бос қалғандай,
Сен кеттің, көңілім пəс, күлкім баяу.
Қалқиып жүргеніммен қостан қалмай,
Қаңырап жан-дүнием бос қалғандай.
Жақсы ма, жаман ба, оны айта алмаймын,
Мен үшін басқа ғұмыр басталғандай.
Жайнатып, жарқыратып даланы нұр,
Мен үшін басталғандай жаңа ғұмыр.
Кетпесем отқа айналып жарар еді,
Бір алау көкірегімде жанады кіл.
Білмеймін,
Жақыным – кім, жатым – кімнен,
Ерте, кеш бітеді ғой ақыр бір дем.
Сезімім саған деген өртке айналып,
Күл болып кетсем дағы бақұлмын мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу