Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  68


Автор: Есләм Зікібаев

ТОЙЫҢА КЕЛДІК ЖЫР ҰСТАП

Кестелеп жырмен жеткізсем егер жұрт ойын
Мереке тойың,
Береке тойың – бұл тойың!
Достықтың Туын тұрғандай биік көтеріп
Ақ моншақ сынды шашылған шашу – күлкі-ойын.
Лүпілдеп жүрек –
Махаббат дерті жеңгенде,
Дос-бауырлардың Аспаннан дағы,
Жерден де:
«Ғашықтың тілі – Тілсіз тіл мəңгі болғай!» – деп,
Ақ тілеулерін жаудырып жатыр Сендерге!
Махаббат – мерей!
Махаббат – мəңгі ырыс-бақ!
Маздаған алау от-сезімдермен тыныстап
Армансыз ғұмыр кешеді –
Міне, сол үшін
Құттықтай келдік тойыңа жалау-жыр ұстап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу