Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  62


Автор: Есләм Зікібаев

АРМАНЫМ, АМАН ЖҮРШІ...

Шалқытып қиялымды аспандатып,
Сыйлаған күндер қайда жастай бақыт.
Қимаған гүлдер қайда, Лəйлі-жүрек
Егіліп екі көзден жас парлатып?!
Беймəлім сезімдерге қамшы үйіріп,
Дедің бе жүректе қан қалсын ұйып.
Күндерді өкінішпен жырлап өтер
Тағдырым кетті ме əлде əнші қылып.
Жоғалтып сертке берген орамалды,
Өрт-жалын өн бойымды орап алды.
Сен кеттің, жастығым да бірге кетті –
Арманнан айрылған жан болар əңгі.
Жалт өткен ұшқынынан жанарыңның
Іздерін іздеп келем бала күннің.
Өмірде аңсауменен айтып өтер
Түйіні сен екенсің бар əнімнің.
Тоғысар арнасындай бар ағынның
Түйіні сен екенсің бал əнімнің.
Арманға асықтырған асып қырдан
Қадірін сол күндердің жаңа білдім.
Елеңдеп сезім-сəби желге күнде,
Жанымды əн-бесікте тербетуде.
Бал күнді, бала күнді еске салар
Арманым, аман жүрші жер бетінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу