Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  77


Автор: Есләм Зікібаев

Кімге керек толғаның, бүрлегенің...

Кімге керек толғаның, бүрлегенің,
Кімге керек солғаның, гүлдегенің...
Он төртіңде толысқан айдай болып
Оянсаң ғой қасымнан күнде менің.
Зəмземін де тататын сұрап ұрттап,
Бірде толып қу көңіл, бір арықтап,
Палатада жатырмын ой қамалап
Жыр қайнарым сен кетіп, суалып қап.
Ұйқысынан оятып бал денені,
Еске салып қинардай əлденені.
Сырымды ұдай тербетіп бұрынғыдай
Тебірентпейді əлдилеп əн де мені.
Тебірентпейді əлдилеп əн де мені –
Бəрі алдамшы тірліктің бар дегені.
Арманымдай алыстан қылаң беріп,
Алау шашып арайлап таң келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу