Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  78


Автор: Есләм Зікібаев

Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр күн...

Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр күн,
Жанымды жасқап құм қылдың,
Жапырағындай жауратып,
Жағадағы жалғыз жыңғылдың.
Көңілімді шерлі мұң қылдың,
Сағымды мықтап сындырдың.
Еркелеуді білместен
Ебіл-себіл күн кешкен,
Қиындықты бір кешіп,
Жақсы күнмен бірге өскен,
Ардағымдай дос бауыр,
Арманымдай қос бауыр,
Екеуіңнің жоқтығың
Мұңыма қосты ауыр.
Аманжолым жоқ,
Боташым,
Білмеймін кімге керекпін.
Көңілді жырмен аулап ем
Мұң шағып тауға кеп.
Жалғыздық қиын,
Əркімді туыс қыламыз жалбақтап,
Жалған деп жүреміз ғұмырды,
Шынында да осы жалған ба?
Ойлаймын ылғи оңаша оймен қалғанда.
Аманжолым мен Боташым
Өткен екен-ау арманда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу