Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  74


Автор: Есләм Зікібаев

Ойларыңды өрген төлдей жамыратып...

Ойларыңды өрген төлдей жамыратып,
Сері сөзім жаныңды жадыратып,
Көк желектен манаурап таңың атып,
Түн бойы кірпік ілмей жүретұғын
Өлең жазу əрі азап, əрі бақыт.
Ойларыңды өрген төлдей жамыратып,
Көкжиектен манаурап таңың атып
Көрінгенде, түн бойы кірпік ілмей
Өлең жазу əрі азап, əрі бақыт.
Көп көңілімен ғарышты құшқан ерлер –
Жортқан аң, көкте ұшқан құс та мендей
Ақын боп ғұмыр кешудің не екенін
Біле бермес басына түспегендер.
Көңіл шер, маңдай терің өтелді мың,
Бəріне созған қолың жетер бүгін.
Азаптың ең ауыры – өлең өрмей,
Мағынасыз өтіп жатса бекер күнің.
Ойларыңды өргізіп, жамыратып,
Тəңірінің қарай алсаң таңына тік.
Шалдығып, шала ұйқы боп оянғаның,
Таптырмас олжа əрі бақыт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу