Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  80


Автор: Есләм Зікібаев

Тіршілік таусылмайтын күрес ұдай...

Тіршілік таусылмайтын күрес ұдай,
Күрес қып жаратты екен кім осылай,
Кешегі жан беріскен досың дағы
Кетеді саулығыңды жүре сұрай.
Əр сөздің түп төркінін қалсаң да елеп,
Арамыз бұрынғыдан алшақ демек.
Бүгінде көп адамға достық емес,
Терезе теңестірер мансап керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу