Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  70


Автор: Есләм Зікібаев

Тірліктің ширатылған арқауы ма..

Тірліктің ширатылған арқауы ма,
Алпыстың келіп қаппыз алтауына.
Қаншама бұдан былай тырысқанмен,
Білемін шықпасымды хан тауына.
Арқасыздар жол беріп арқалыға,
Бір кездер сөздің құны артады ма?
Əзірге сөзде құн жоқ, бізде дін жоқ,
Қарайтын болып алдық қалталыға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу