Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  78


Автор: Есләм Зікібаев

Қандай ұшқыр бүгінде қиял, арман...

Қандай ұшқыр бүгінде қиял, арман...
Тас түлектей шырқаған ұялардан.
Бір биікке жетсең-ақ,
Бір биігі
Қол бұлғайды құздардан, қиялардан...
Қол бұлғайды –
Шыңына шақырады
Асқар таудың қойнауы, атырабы.
Адам түгіл, тимеген аң тұяғы
Қаншама жон-жоталар жатыр əлі.
Көз алдында құлпырып арман-сағым
Біреуіне біреуі жалғар сəнін.
Тылсым дүние – табиғат жиһазындай
Еліктіріп алады барған сайын.
Мамыражай, тұп-тұнық таңы да ерен,
Еліктіріп алады сəніменен.
Тербетіліп тұрғандай аппақ айдын
Бұлбұлдың тамылжыған əніменен.
Алаулаған арман да,
Шың да биік –
Құзарында қалықтап жүрді Ақиық.
Тəтті əуенді жердегі біздер түгіл
Құс төресі аспанда тыңдар ұйып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу