Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  87


Автор: Есләм Зікібаев

ТАУ ӨЗЕНІ

Асау өзен тасыған өткел бермей,
Ағысы атан жүгін бөктергендей.
Сабасына мұз құрсап, əзер сыйып,
Жатыр екен жуасып көктем келмей.
Бір-ақ күнде жағаны талқан қылып,
Көрсетті оғаш мінез,
Тарпаң қылық.
Шеткі үйлердің шарбағын селдіретті,
Əкеткендей шорағай, шортан жұлып.
Ару бейне,
Құбылған қыз-білек жүр,
Асау ағын көбеден мұзды іреп жүр.
Бір сең келіп бір сеңді жетелеп жүр,
Бір сең келіп бір сеңді сүзгілеп жүр.
Мидай болып ағы да, қарасы да,
Тыныштықтан айрылған дала, сірə,
Асау өзен аптығып аласұра
Түсе алмай жүр қайтадан сабасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу