Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  93


Автор: Есләм Зікібаев

БҰРЫМ

Бұрымың қайда?
Жаным-ау, қайда бұрымың?
Бұрым ғой сенің ұлтыңа біткен бір ұғым.
Бұрымың кесіп, осынша неге құрыдың,
Мода ма саған монтитып салған құрығын...
Бұрымың қайда, бұрымың?
Соғымға сояр мəстектей жалын күзеген
Сəніңді қалай «түзеген?»
Ботадай көзің не болып кеткен, жаным-ау,
Сиырдың көзі секілді бейне сүзеген.
Бұрымың əсем жібектей еді созғанда-ақ,
Еркіңді билеп алатұғын-ды көзді арбап.
Бұрыммен бірге кеткендей ұшып сəнің де,
Басыңнан бейне озған бақ.
Сұлулық сырын ұға да білген қазағым,
Мойымай келіп тартса да тағдыр азабын.
Бұрымын кесіп алғанда ғана күрт түскен,
Бəрінен ауыр түрі деп осы жазаның.
Бұрымың қайда?
Жаным-ау, қайда бұрымың?
Оңғаны кəне бұрымсыз қыздың сұрының?
Бекер-ақ болған, бекер, бекер-ақ болған кескенің,
Бұрым ғой сенің ұлтыңа біткен бір ұғым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу