Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  69


Автор: Есләм Зікібаев

А.С. ПУШКИНГЕ

Өлең сөзде қадір көп –
Ақынды өлді дей ме екен?
Қара жерге қабірлеп,
Атын көмді дей ме екен?
Алай-дүлей бұрқасын
Шуламасын дей ме екен?
Ақын өлді, жыр тасқын
Туламасын дей ме екен?
Асқақ əні көңілде,
Басылады дей ме екен?
Ақын жаны өлімге,
Бас ұрады дей ме екен?
Ардақтаймыз ақынды,
Өтсе де жыл талай мың...
Ол – қазақтың жақыны,
Ол – ағасы Абайдың.
Өлең сөздің селдетіп
Төгіп өтер жауыны.
Жан күйіңді тербетіп,
Соғып өтер дауылы.
Ақын ата, қолдашы
Арамызда,
тірісің!
Керек Сіздей қолбасшы
Жыр үшін, өлең үшін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу