Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  344


Автор: Есләм Зікібаев

ӨТЕБАЙ ҚАНАХИННІҢ 60 ЖАСҚА ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ЖЫР

Қиян күндерді мына басыңнан өткеріп,
Жақсылықты да, жамандықты да көп көріп,
60-қа аман келгенің үшін рахмет!
Қырқаға шықпай талайлар кетті қыршын өліп
Кім қанша жасар,
Білмесек тағы дəл түстеп
60-ты біздер деп жүрміз қазір тал түс деп.
Таққа да баққа таласқан кезің көрмедім,
Қосылған жоқсың болса да қанша тартыс көп.
Бəрі де болды,
Бəрі де сенде бар бүгін.
Өткердің бастан дауылды,
Желді, қарлы күн.
Сол кезде-ақ, аға, қаршадай қара қыздарға
Болған-ау мəлім əркімге бітпес Нарлығың.
Заулады уақыт,
Дария-сулар қанша ақты,
Өткеріп бастан лəззатты шақты, бал шақты.
Келесің бүкіл қуантып ел-жұртыңды
Махаббатыңа құрбан ғып ұлы мансапты.
Шараптан емес,
Шаттықтан көңілім мас бүгін,
Өзіңдей, Аға, асу-қырлардан асты кім?
Ыбылжып жүрген қайсы бір ынжық ініге
Əйгілеп бердің 60-тың дағы жастығын.
Намысқа шапса, түспейтін ерен ерден кем,
Шау тарта қалсын,
Шабыт та берген, дем берген.
Құралай менен Саябек жандай асылдан
Бір-екеуін əлі де болса кем берген
Қатесін түзеп кететін шыңнан шамданса
Алдағы арай таңдарға қарай заулатып
Тарта бер, аға, арудай аппақ жеңгеммен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу