Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  63


Автор: Есләм Зікібаев

БƏРІ АРМАН

Шуақ пен нұрдан жаралған,
От пенен судан нəр алған,
Жақсылық көрсем де адамнан,
Жамандық көрсем де адамнан.
Тəңірінің жазу, жарлығы,
Тағдырдың кеңі, тарлығы,
Айналып келіп қарасаң
Адамнан соның барлығы.
Жебеген жанын ар, арман,
Ұл, қызың болса адалдан,
Құйылған ақ нұр кеудеңе...
Бəрі де, бəрі адамнан.
Зағипқа атқан таң арман,
Сырқатқа шыбын жаны арман,
Төксең де жасын жанардан
Жоқты іздеп, сірə, таба алман,
Адамға бəрі, бəрі арман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу