Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  65


Автор: Есләм Зікібаев

Жан жазбаған бір өлең жазғым келіп

Жан жазбаған бір өлең жазғым келіп
Мидың мың сан қатпарын қаздым келіп.
Тарихпенен өлшесең бұл ғұмырды
Сейілдей қайтқан аз күнді көріп.
Сол аз күннің ішінде не көресің,
Не аласың, өмірге не бересің.
Босағадан басталған отауыңның
Бітемісің тұрғызып керегесін.
Бүгін бармын,
Ертеңім бұлдыр маған,
Тас тағдыр тірлігіңді күнде ұрлаған,
Қайсы бір бұрылса да үзіледі
Белгісіз күміс күлкің сыңғырлаған.
Жақсы да өткен жалғаннан, жаман да өткен
Жүйрік те, жел жеткізбес шабан да өткен.
Келемін алқа топтың ортасында
Еншіме елім берген бараң көкпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу