Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  78


Автор: Есләм Зікібаев

ӨКПЕЛІ ЕМЕН

Табиғат, өзім саған өкпелі емен,
Келеді, міне, тағы көктеп өлең.
Бір ауық құйып өтсе жыр нөсері
Өзімнің борышымды өткерер ме ем.
Кейде рас, жерде де емен, көкте де емен
Отырам тудыра алмай өктем өлең.
Сонда да тастамаймын қаламымды,
Сонда да өмір саған өкпелемен.
Сонда да жазбаймын мен шағым-арыз,
Құйғандай күй самалын жаныма күз.
Кей уақыт қуантады тербеп шабыт
Келгендей іздеп өзі жаныма қыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу