Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  73


Автор: Есләм Зікібаев

ЕР ЖƏНІБЕК БАБАМ

Елін сүйіп, жерін сүйіп жасынан,
Ерлік даңқын алты қырдан асырған.
Он жетіде мұздай темір құрсанып
Жауға шапса жай ойнатқан жасыннан.
Ер Жəнібек, Өр Жəнібек атанған
Қошқар Ұлы – Тархан деген ат алған
Тебірентіп бабалардың аруағы
Елдік туын асқақтатқан қаһарман.
Қайырмасы:
Айналайын əз бабам,
Жаны жайсаң жар бабам.
Өмір көшін алға тартып барамыз
Аталардың арманындай маздаған.
Садақ тартып, көкпар алып тойда əман
Ат үстінде атой салып ойнаған.
Сөзге келсе – бүк түсірмей қоймаған.
Күшке келсе – бүк түсірмей қоймаған.
Айға атылған арыстандай айбарлым,
Айбарыңа қарсы шығар қайран, кім.
Ұлағатың ұлылыққа ұласқан
Тарқан баба, аруағыңнан айналдым.
Қазақтың айласынан
Қалмақтың найзасынан
Жасқанбастан ер бабамның əр сөзі
Ұрпақтарын көтерген алмас ұран




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу