Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  87


Автор: Есләм Зікібаев

Өлеңің де, өнерің де саудаға түсіп кетті..

Өлеңің де, өнерің де саудаға
түсіп кетті...
Жоқ бұл дерттен сау бала.
Азған елдің ала бөтен тірлігін
Тілемеймін досым түгіл, жауға да.
Айта алмаймын –
бақыты ма, соры ма
Арын салды, барын салды жолына
Бұл дертінің басы ма, əлде соңы ма
Аз бəйге еді, бөліп алды оны да .
Шынында өзі кедей ме еді, бай ма еді
Жүйрік, жүйрік дегеніміз жай ма еді
Ұйқы басып, күлкі қашып, ақыры
Сұрап алды, жылап алды бəйгені.
Бізде солай жыр жарысы– мүшəйра
Қас таланттың жарысына ұқсай ма.
Əй білмедім, байқағаным алдымен
Талап емес, керегірек күш-айла




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу