Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  72


Автор: Есләм Зікібаев

БҰЛҒАЙДЫ ҚОЛЫН

Сағындым сонау жылдарды,
Сағындым жыра, жылғамды...
Сол жерде қалған балалық
Кел дей ме,
Қолын бұлғайды.
Бұлғайды қолын қайтадан,
Үнсізбін,
Не деп айта алам,
Барар ем,
Өткен жылдарды
Қалайша кейін қайтарам.
Аймалап жасыл жағаны
Құлдырап бұлақ ағады.
Көрмесем дағы түр-түсін,
Тыңдашы барып күлкісін,
Секілді қайтқан жыл құсым
Жастығым кетіп барады.
Сағындым, иə, сағындым,
Көрдің бе мына сары ұлдың
Басқандай менің орнымды
Нұрымен ойнап шағылдың.
Жүргенін еркін еркелеп,
Кеттім-ау, сірə, ертерек,
Дер едім:
– Мені ерте кет,
Бəрібір оған не шара,
Жеткізер ме енді сағым күн –
Елесі балғын шағымның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу