Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  62


Автор: Есләм Зікібаев

Екеуміз де құс көңілді серіміз...

Екеуміз де құс көңілді серіміз,
Жалғаны жоқ жарым мысқыл,
Сеніңіз!
Жан аяспас достар едік,
бірақ та
Бөлісе алмай қиналдық-ау сені біз.
Ақиқатым айтқан шыннан ақ жанып,
Жанымызда бір қылау жоқ, жап-жарық.
Жаутаңдадық жауап іздеп өзіңе,
Бір бүтінді əкете алмай қақ жарып.
Болсаң дағы қанша қымбат, сыйлы адам,
Бір арнаға екі өзен сыймаған.
Бір-біріне жанын қиған достық та,
Бір-біріне махаббатын қимаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу