Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  60


Автор: Есләм Зікібаев

Не əкеліп берсем дейсің, қарғам балам...

Не əкеліп берсем дейсің, қарғам балам,
Асылымды табармысын армандаған.
Алматыда, шүкіршілік, бəрі бар ғой,
Жетпейтіні жалғыз-ақ орман-далам.
Тау да, тас та қоршаған қорған маған,
Қымтап бəрі тұрады тоңғанда əман.
Тірідей тамұққа сап жіберді
Қырық күн шілде шыжғырып жанған қалам.
Бəйек болып жүгірген қорған маған –
Сенсің менің асылым армандаған.
Аталаған аңқылдақ көңіліңе
Жан қалмаған сүйініп таңданбаған,
Мың рақмет соныңа, қарғам балам!
Көп ойланып қалдым да мен оңаша,
Ештеңе де таппадым сенен аса.
Көлдей көңілің бəрінен қымбат, балам,
Əкеле ғой көңілің не қаласа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу