Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  80


Автор: Есләм Зікібаев

Жалбарынып, Тəңірге құлдық ұрып...

Жалбарынып, Тəңірге құлдық ұрып,
Беліміз мың жазылып, мың бүгіліп,
Михнаттан келеміз құтыла алмай,
Өмір бізбен ойнайды кіл құбылып.
Жел жебелеп қаңбағын қуалаған
Бақ іздейміз мекеннен – қу даладан.
Маймыл болып қайтадан кетпесе екен
Əу баста маймыл болып туған адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу