Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  65


Автор: Есләм Зікібаев

Əуреледім өзімді-өзім, өзімді-өзім неше алдап...

Əуреледім өзімді-өзім, өзімді-өзім неше алдап,
Бұл тірліктің шым-шытырық түйінін кім шеше алмақ.
Сəби біткен күнəдан пəк болатыны шын болса,
Құйтақандай жүрегіңе түсті, құлыным, не салмақ.
Неге, құлыным, ерек көрдім, бөлек көрдім мен сені,
Сенің дертің – менің дертім,
Басты зіл боп еңсені.
Құдайымның өзі берген кесел шығар, амал не,
Құдайымның көзі түсіп, соны қайта жеңсе еді.
Көп қиналдым, көп қиналдым сені дертке қия алмай,
Ер адам да жылайды екен,
Жылайды екен ұялмай –
Дəрігерді көрген кезде ұстай алмай өзімді,
Көңілім босап, көз жасымды тыя алмай.
«Бер саяма жеңілдігін, Тəңірі!» – деп тіледім,
Құдай деп кіл құлдық ұрдым – тілекшінің бірі едім.
Қажет болса ал барымды, ал жанымды, аяма,
Құйтақандай құлынымның соқтыра гөр жүрегін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу