Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  58


Автор: Есләм Зікібаев

Ерденім, құлыным Ерденім...

Ерденім, құлыным Ерденім,
Ертіп жүргенде еркелететін ермегім.
Алланың маған ең үлкен сыйы көремін
Еркелесін деп өзіңді маған бергенін.
Тіршілік барда жұмыр жер – жұмақ мекенім,
Ұқпайды екем ғой немере деген не екенін.
Қасыңнан ұзап, өзіңді бір күн көрмесем,
Қарлығаш көңілім шарқ ұрып ұшып жетемін.
Бір күн көрмесем, жас бала сияқты талпынып,
Қарлығаш көңілім іздейді тынбай шарқ ұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу