Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  71


Автор: Есләм Зікібаев

Сездірмей, үнсіз қарадым...

Сездірмей, үнсіз қарадым,
Сүйкімді ең қандай, қарағым.
Сезімнің күйіп отына,
Арбалды сəтте жанарым.
Сезбедің, үнсіз қарадым,
Арбалған жандай ар, əлім.
Бір жылы сөзіңді аяма,
Сүйе алсаң егер, қарағым.
Күнəлі жандай қас қағып,
Қарадым, қалқам, жасқанып.
Жүректе сайрап сан бұлбұл,
Кеткендей сырлы əн басталып.
Қарадым, ұзақ қарадым,
Сыр шертіп мөлдір жанарың.
Бақытты кешті сондағы
Ұмыта алман, қарағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу