Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  89


Автор: Есләм Зікібаев

АҚ ҚАНАТ КӨГЕРШІНІМ

Əн тербеліп көктемнің самалындай,
Жан тебіреніп сезімнің жамалындай,
Теңіздейін өзің де бірге толқып,
Жыр боп, нұр боп құйылған қарағым-ай!
Алға тартып армандай өмір көшін,
Ақ маржандай əн-əуен төгілтесің.
Тау да, тас та қалды ұйып, уыз əуен
Сырларыңнан тапқандай көңіл хошын.
Əуен емес, жаным-ау, сыр ғой мұның,
Қалай ғана келгенбіз білмей бұрын.
Құлазыған көңілге көрік беріп,
Құйып жатыр жаныма күнгей нұрын.
Құйып жатыр жаныма, құйып жатыр...
Бойым балқып, əуеніңе ұйып жатыр.
Құтақандай ақ қанат көгершінім,
Қай жеріңе бұл құдірет сыйып жатыр?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу