Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  93


Автор: Есләм Зікібаев

Айналайын балапан құлындарым...

Айналайын балапан құлындарым,
Сендер үшін ғұмырдың гүлін, нəрін
Теріп өскен ұрпақсыз ұға алғанға,
Аналықпен айтамын мұның бəрін.
Сол үшін айта жүрер тілегім де
Өсиет боп қалса елдің жүрегінде:
Біз көрмеген бақыттың бəрін көріп,
Алапаттың көрмеңдер біреуін де.
Аш та болдық, жетім де жесір болдық,
Дейтұғындай өмірге не үшін келдік.
Адам түгіл, ұмытқан Құдайын да
Тыныш күнде кесапат-кесір көрдік.
Тəуба, тəуба! Ел болдық егеменді,
Биігіне көтерер елеп ерді.
Бүгінгі ұрпақ күн кешпей бұқпантайлап,
Ертеңіне сиынып, сенеді енді.
Бар болыңдар бақытым – балаларым,
Түсірмеңдер төменге Адам арын.
Береке-бірлік деген ел бақыты
Тілейтіні сендерге Аналарың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу