Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  58


Автор: Есләм Зікібаев

ШУАҚ ЕДІ...

Шуақ еді көңілім кеше ғана,
Жалған айтса баласын кеше ме ана?
Өмір деген мың түйін,
Мың түйінді
Екі адамның біреуі шеше ала ма?
Шуақ еді көңілім кеше ғана,
Күзгі дауыл самал боп есе ала ма?
Жан құрбының қабағы қабарып тұр,
Сен үшін жаным құрбан десе мана.
Шуақ еді көңілім кеше ғана,
Жара салса жаныңа есер аға,
Кімге барып шабылып, шағынарсың –
Адам өзі өз қолын кесе ала ма?
Шуақ еді көңілім жадыраған,
Бүгін көрсе, кей досым танымаған.
Кешегі күн келеді көз алдыма,
Өткенменен өлшей ме бəрін адам.
«Əңкүр-мүңкүр» ортаға ап қысты бір күн,
Шуақ еді,
Жаныма түсті кірбің.
Қамсыз-мұңсыз жүргенге байқамаппын
Қанатында заулаған құс-ғұмырдың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу