Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  95


Автор: Есләм Зікібаев

ШƏКІРТ-АТА ОЙЫ

Үш-ақ жыл бұрын Ерденге
Ілесіп бірге келгем де.
Үш жасқа өсті ол да енді,
Үш жасқа өстім мен де енді.
Баламмен бірге бала боп,
Қосылғам көпке қара боп.
Есейдім елмен, ер жеттім,
Кеудемде маздап жанады от.
Оқушы деген атты алдым,
Əліппені бірге ақтардым.
Үш алған күні күмілжіп,
Бес алған күні мақтандым.
Шықпаса кейде есебім,
Шағылып қатты мəселім,
Кінəлі болып қалғандай,
Қиналып жүрдім неше күн.
Қалмайыншы деп елден мен,
Тырыстым бірге Ерденмен,
Шəкірттей сездім өзімді,
Алпысқа жасым келгенмен.
– Оқы да, оқы, оқы! – деп
Ұшқаннан маздақ от үрлеп.
Ұшырған бізді биікке,
Алғашқы ұстаз – Гүл-апа,
Рахмет Сізге,
Рахмет!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу