Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  64


Автор: Есләм Зікібаев

ӨЗІМІЗ

Жақсыны да, жаманды да көп көрген,
Бəрін, бəрін бастарынан өткерген,
Қара нардай əкелер-ай əулие,
Сүйреп жүріп осынау күнге жеткерген.
Шыңдағы арман – замандардың іздері,
Құмда қалған адамдардың іздері.
Барлық белгі – əкелердің көздері
Жақсылықтан саңлау болса біздегі.
Бойымызда бар ма бұла күш деген,
Қиял бар ма көкте құсты тістеген,
Қалған белгі əкелерден əулие,
Біреуі де төбемізден түспеген.
Кеткен солай бəрімізді Адам ғып,
Көңілімізді көп нəрсеге алаң ғып.
Ойымызды керенаулау шабан ғып
Алсақ бəрі өзіміздің жамандық.
Шым-шытырық шығып жатса сөзіміз,
Іріп жатса, шіріп жатса бөзіміз,
Көрмейтінді көре берсе көзіміз,
Көнеленсе сүрлеу-соқпақ болып із,
Соның бəрі ерлік емес, ездіктен,
Бар жақсыны жоғалтатын өзіміз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу