Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  56


Автор: Есләм Зікібаев

ҚАН ҚЫСЫМЫ

Қан қысымы!
Қинайды, қинайды-ай кеп жанды сірі.
Пақыр ма, айбары асқан батыр ма елде?..
Мүсəпір қып қояды бар кісіні.
Біріне бірін тіркеп қойған əрі –
Өмірің... Көңілің де ойнамалы.
Ойламайын дейсің-ақ. Бірақ, бірақ...
Айналып тіреледі ойға бəрі.
Бір күш бар үйлестіріп қойған əрі,
Айналып тіреледі ойға бəрі.
Тірлік шіркін өлшеулі, түп-түбінде –
Сен кетесің, бəрібір ой қалады.
Санаң барда бойлайсың бойламасқа –
Жүрмекпісің мəз болып тойған асқа.
Адам болып жаралған айыбың сол –
Тірлік шіркін қоймайды ойламасқа.
Көтеріліп, төмендеп қан қысымы,
Ойнайды тəлкек қылып бар кісіні,
Ақыры əкеп ырқына көндіреді,
Айтып қайтем, белгілі арғы «шыңы»!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу