Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  57


Автор: Есләм Зікібаев

Ойлағаныңмен керекпін ғой деп əлі де...

Ойлағаныңмен керекпін ғой деп əлі де,
Ауырдың – бітті, ұмыт боласың бəріне.
Жақынмын деген достардың көбі кетеді,
Құдайдың бейне ұшырағандайсың кəріне.
Ұмыту – қиын, ұмытпағаннан пайда да аз,
Көңілдің мөлдір көктемі қайда, қайда жаз?
Қызық қуумен жүріппіз болып жəйға мəз,
Өтпелі бəрі, қолдан келердей қайран аз.
Көңіл ғой əлі елегізумен жүр елтіп,
Гүл ектім бе екем жүрген жеріме бірер түп?
Жас күндерімді, мас күндерімді сағынып,
Еске алуменен отырармын ба күн өлтіп?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу