Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  74


Автор: Есләм Зікібаев

Өмір өлшеулі, басқан ізіңнің бəрі сын...

Өмір өлшеулі, басқан ізіңнің бəрі сын,
Бақ дейтіннің де, сор дейтіннің де бары шын.
Екеуінің де қызықтай қарап «жарысын»...
Теріп келеміз тағдырдың шашқан тарысын.
Тіршілік – бəйге, күрес пе, тағы-тағысын...
Көріп келеміз тұлпардың, тайдың жарысын.
Өліп көреміз жүйріктен жабы озғанын,
Көңіліміз қалып, жүрегіміз қағып бəрі үшін.
Мына жалғанда неміз бар тағы көрмеген,
Кезіміз де көп өрлеген, өліп шөлдеген.
Шаңытқан шақта ұра-жыралар көлденең
Кездесіп талай қия-құздары көлбеген.
Төтелей тарттым дегенде жазық жолменен,
Қия-құздары мұнартып мылқау көлбеген.
Ұласып кетер ылдиың асу-өрменен,
Көреді бəрін күнəһар көзің өлмеген!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу