Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  79


Автор: Есләм Зікібаев

Япырау, не боп кетті мына заман...

Япырау, не боп кетті мына заман,
тұрпаты жан ұқпастай, сірə, жаман.
Ақ қанат періштелер ұшып кетіп,
жер бетін жайлап алған кінəлі адам.
Соншалық арды ұмытқан ноқыс па едік,
түкке де таңданбайсың оқыс көріп.
Ертемен тысқа шықсам кілең бейбақ
жүреді əр бұрыштан қоқыс теріп.
Жандай ек хабары бар көп істерден,
қалған ұрпақ бəріне көністі елден.
Отыз жеті зұлматы, оған жалғас
жалмауыздай жайпаған соғыс көрген.
Көңілім, бəрінен де қалыс бұдан,
байлықты кедейлікпен жарыстырам.
Мен көрген кесапаттар біреу емес,
қайсысын қайсысымен салыстырам.
Пенде қылып жаратқан, шүкір, Алла-ай,
ауырса əркім қорқады құты қалмай,
жер бар ма екен, құдай-ау, айтыңдаршы,
қашып Қорқыт көрінен құтылардай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу